жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өскеменде коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Өскеменде коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
istockphoto.com
Күдіктілер қатарында кәсіпорынның экс-директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар.

Қаржы мониторингі агенттігі «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу деректеріне сәйкес, олар қала көшелерін күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын заңсыз иемденген.

Күдіктілер қатарында кәсіпорынның экс-директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар. Тергеу нұсқасы бойынша, олар 2022–2023 жылдары мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өтіп, өздерімен байланысы бар компаниялардың шоттарына ақша аударып отырған.

Залал көлемі 120 миллион теңгеден асқан. Тергеу барысында олардың атына тіркелген жылжымайтын мүлік пен көліктерге — соның ішінде «BMW X6M», «Subaru Forester» маркалы автокөліктерге және пәтер мен жер учаскелеріне — соттың санкциясымен тыйым салынды.

Қазіргі таңда кәсіпорынның бұрынғы директоры екі айға қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар