Елімізде
Қазақстанда былтыр 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 13:26
- 41
Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.
Қазақстанда өткен жылы 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Үкіметтің отырысында Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, 2026 жылы ел бойынша 18,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізіледі.
Министрлік дерегіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға тапсырылған.
Сондай-ақ жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар мен жалға берілетін тұрғын үй жобалары арқылы мыңдаған отбасы баспаналы болды.
Бұдан бөлек, «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясында жалпы сомасы 233 миллиард теңгеге 8,6 мың несие берілген.
Келесі мақала




