Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы арзандап жатыр – Үкімет
- авторjambylinfo.kz
- 27 мамыр, 2024
- 576
Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі 0,2% дейін баяулаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды. Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр», - деп жазады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024