дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мыңжылқы Бердіқожаев «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығына ие болды

Мыңжылқы Бердіқожаев «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығына ие болды
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқармасы мәлімдеді

ҚР Президент іс басқармасына қарайтын Медициналық орталық ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев отандық медицинаға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ ми қан-тамырларын емдеудегі жетістіктері үшін халықаралық «Алтын скальпель» сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Алтын скальпель» сыйлығы  Халықаралық Ғылыми кеңестің шешімімен хирургияда тың жетістіктерге жеткен дәрігерлерге берілетін жоғары марапат.

Мыңжылқы Бердіқожаев 20 жылдан астам уақыт денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келеді.  Ол 1998-2004 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында білім алған. «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Санкт-Петербургтегі С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академияны бітірген. «AlmaU» MBA Healthcare университетін тәмамдаған.  PhD докторы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. 

2022 жылдан бері ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында директордың хирургия жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Еске сала кетейік, Мыңжылқы Бердіқожаев jambylinfo.kz.сайтына берген сұхбатында 7500-ден аса адамға ота жасағанын айтқан еді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар