жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«15 жыл көніп келемін». Танымал актер Жахан Отарғалиев алғаш рет бедеулігі туралы ашық айтты

«15 жыл көніп келемін». Танымал актер Жахан Отарғалиев алғаш рет бедеулігі туралы ашық айтты
Сурет: видеодан скриншот
Жаңа сұхбатында актер өмірінің қиын кезеңдерін айтқанда, көңілі босап кетті

Қазақстандықтарға танымал актер Жахан Отарғалиев жаңа сұхбатының анонсын жариялады. Әзірге instagram желісіндегі жеке парақшасында сұхбаттың үзінділерін жариялап, көптің назарын аударды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Журналист Зарина Мүслімге берген сұхбатында актер дәрігердің қойған ауыр диагнозы оны қатты депрессияға түсіргенін айтты.

«Дәрігер «Жахан, сен физикалық тұрғыда бала сүйе алмайсың» деген диагноз қойды. Бұл нәрсенің маған ең  ауыр тигені бір, ал оны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді. Бұрын да ол нәрсені сезетінмін, 15 жыл жүрдім ғой. Бірақ, оны маған ешкім бетіме айтпаған. Бетіме айтқанда өмірде ештеме қызықсыз болып кетті. Бала сүйемін деген үміт болды, әлі де бар. Бірақ оны бетіме айтқан сәттен бастап кино да, шығармашылық та, бизнес те қызық болмай қалды», - дейді актер.

Сонымен қатар әртіс бұндай диагнозы туралы өмірде тек екі адамға – анасы мен ағасына ғана айтқан екен. Актердің айтуынша, ол балалы-шағалы достарының отбасына қонаққа барғысы келмейді. Өйткені, балаларымен ойнап жүрген достарының өміріне қызығып, жарасы тереңдей береді.

«Жуырда актер Коко Жамбомен (Жанболат Найзабеков – ред.) кездесіп, екеуміз біраз сөйлестік. «Үйіме қонаққа шақырсам, келмейсің» деп ренжіп жүр екен. Бірақ...бірақ мен Жамбо балаларымен ойнап, қыздарының шашын өріп отырғанын көрсем, кәдімгідей қызығамын», - дейді актер.

Актер өмірде баласын тастап кететін адамдарды ешқашан түсіне алмайтынын айтып, үлкендердің қиындығы үшін бала кінәлі емес екенін алға тартты.

«Балаларын тастап кетіп жатқандарды түсінбеймін, балаларына бола екі жаққа кетіп жатқандарды түсінбеймін. Баланың кінәсі жоқ қой? Мен сол балаға жете алмай жүрмін. Кейде барып, «балаңды тастамашы, маған бере салшы» деп айтқым келеді. Мен үшін ол үлкен арман», - дейді актер.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар