сейсенбі, 17 ақпан, 2026 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін өседі

Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін өседі
Pixabay.com
Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлім етті.

Энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын ағымдағы 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ді жаңғырту барысы және қуаты 10 млн тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады. 

Атап айтқанда, ол жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік беретінін, ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейтінін және К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз ететінін хабарлады.

Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің іске қосылуы жылына 2,5 млрд текше метр тауарлық газ өндіруді қамтамасыз етеді. Мұнай-газ химиясы секторында басты назар терең өңдеуге бағытталған: полиэтилен, бутадиен және карбамид шығару жөніндегі жобаларды жүзеге асыру шикізатпен салыстырғанда өнім құнын 20 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылы Павлодар облысындағы алкилат өндіретін зауыттың құрылысы одан әрі қарқынды түрде жалғасады, бұл еліміздің ішкі қажеттіліктерін 100% қамтамасыз етеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2026-2033 жылдары елімізде қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздерін әзірлеу, жобалау, салу және іске қосу бойынша жұмыстарын жүзеге асыра отырып, қайта өңдеу қуатын жылына 40 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген.

Кеңейту жобалары мұнай өнімдерінің тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. 2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге ЖЖМ экспорты басталады. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94%-ға дейін өседі, ал отын сапасы К5 стандартына дейін артады", — деді Қайырхан Тұтқышбаев.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар