сейсенбі, 17 ақпан, 2026 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ІІМ-де халықаралық жарыста ел намысын қорғаған қызметкерлер марапатталды

ІІМ-де халықаралық жарыста ел намысын қорғаған қызметкерлер марапатталды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын абыроймен қорғаған қызметкерлерді марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл Қазақстан атынан жарысқа әртүрлі ведомстволардан іріктелген бес құрамалық команда қатысты. Біздің арнайы бөлімшелер жоғары дайындықтарын көрсетті және жүлделі орындарға ие болды: Kaz SWAT Team C – 1 орын, Kaz SWAT Team A – 2 орын, Kaz SWAT Team B – 8 орын, Kaz SWAT Team D – 20 орын. Әйелдер арасындағы командаларда Tomiris командасы – жалпы есепте 18-орын және әйелдер құрамасы арасында 1-орынды иеленді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, олардың жетістігі тек спорттық нәтиже емес, сонымен қатар қазақстандық құқық қорғаушылардың жауынгерлік дайындығы, тәртібі мен рухтың мықтылығын көрсететінін атап өтті.

ССалтанатты шара барысында қызметкерлерге арнайы марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар