Қазақстанның мектептерінде сақтау мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды
- авторjambylinfo.kz
- 26 ақпан, 2024
- 533
Қарағанды облысындағы мектептерде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды. Бұл туралы облыстық прокурорлары анықтаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды. Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен «Преднизолон» ампулалары сақталған.Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды», - деп хабарлайды облыстың прокуратурасы.
Тексерістен кейін мерзімі өткен дәрі-дәрмектертер жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Биыл елімізде 103 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024