Балалардың қауіпсіздігі сақталмаған балабақшаның басшылығы жазаланды
- авторМағжан Орынбасар
- 27 тамыз, 2024
- 334
Құрамында сынабы бар шамды балалардың қолы жететін жерге қойған балабақша басшылығы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ШҚО Самар ауданының прокуратурасы «Дәншік» балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуын анықтаған. Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсеткен.
- Люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақтамауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкету мен жоюға әрекеттер жасамады. Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды. Кінәлілер, оның ішінде балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды,- делінген ресми хабарламада.