Елімізде
«Бір көзден сатып алу көрсеткіші 23 пайыз». «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң 1 қаңтардан бастап күшіне енеді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024
- 19
Мемлекет басшысы Заңға биыл 1 шілдеде қол қойды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Заң жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін құруға бағытталған және онда бағаға емес, сапаға басымдық берілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің мемлекеттік сатып алу жүйесі 100% электрондық форматқа көшірілген.
«Электрондық порталда 24 мың тапсырыс беруші және 117 мың әлеуетті тауар жеткізуші тіркелген. Мемлекеттік сатып алу жоспары 9,3 трлн, ал осы күнге дейін өткізілген мемлекеттік сатып алу көлемі 8,8 трлн. Оның ішінде, бір көзден сатып алу көрсеткіші – жалпы мемлекеттік сатып алу көлемінде 23 пайызды құрап отыр», - деді спикер.