Елімізде
Бишімбаев кінәсін мойындамады: сот 8 сәуір жалғасады
- авторИндира Тәліпқызы
- 27 наурыз, 2024
- 831
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша негізгі талқылауы басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сот отырысында Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады.
«Бүгінге дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады. Прокурор айтқанның көбі ойдан шығарылған, сөзінде дәлел жоқ. Қылмыстық кодекстің 109-бабы бойынша – менің тарапымнан мұндай қылмыстық жасалған жоқ, Сондықтан айыпты мойындамаймын», - деді Бишімбаев.
Сондай-ақ, судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ұстанымын сұрады.
Бишімбаев бұл бап бойынша да адамды аса қатыгездікпен өлтірмегенін айтты.
Сот отырысы соңында судья Айжан Құлбаева Бишімбаев ісі бойынша басты сот талқылауы 8 сәуірде жалғасатынын атап өтті.