Қуандық Бишімбаевтың ұлы Кәрім Бишімбаев Barys хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2023-2024 жылғы үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Кәрім Бишімбаевтың анасы Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
“Бүгін хоккей маусымы жабылды. 2023-2024 жылының үздік қақпашысы атанып жатырмыз”,-деп жазды Назым Қаһарман.
Ол жүктеген видеода ұлы Кәрім Бишімбаев марапатталып жатқанын көруге болады. Кейін анасы ұлының марапатын салып, қуанышын жеткізген.
Айта кетейік, адам өлімі үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның ортақ үш баласы бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:05