Маңғыстауда төбелескен түлектердің ата-аналары халықтан кешірім сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 26 мамыр, 2024
- 1.6k
Соңғы қоңырау күні жаппай төбелеске қатысқан маңғыстаулық түлектердің ата-аналары Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Mangystaumedia хабарлауынша, ата-аналар соңғы қоңырау күні полициямен бірге қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген.
«Біз балаларымыздың мектеп бітіру салтанатын бастан-аяқ өзіміз полицейлермен бірге бақылап жүрдік. Аз ғана уақыттың ішінде балалар арасында келіспеушілік болып қалды. Алайда ешкім жарақат алмады. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен екен. Балаларымыздың бұзақылығы үшін кешірім сұраймыз, - дейді ата-аналар.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, төбелеске қатысқан түлектер де кешірім сұрап, видео жариялаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бишімбаевтың ұлы үлкен марапатқа ие болды
Ұқсас жаңалықтар
Астана мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2024