Елімізде
Елімізде сұйытылған газды экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылмақ
- авторМағжан Орынбасар
- 6 сәуір, 2025
- 175

Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған
Қазақстан 2025 жылғы 14 мамырдан бастап сұйытылған газ мен пропан экспортына тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұйрық жобасында сұйытылған мұнай газы, пропан және бутан экспортына алты айға тыйым салынатыны туралы жазылған.
"Тыйым автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге қатысты. Бұл шара елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген құжатта.
Келесі мақала