Елімізде
«Жол жабылғаны жайлы ескертуді елемеген»: Ақмола облысында жүргізуші қайтыс болды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 сәуір, 2025
- 445

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Ақмола облысында жол жабылғаны туралы ескертулерге мән бермеген жүргізуші су тасқыны салдарынан қаза тапты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- 5 сәуір күні Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы бағытындағы автожолдың 963-шақырымында, жолдың су басуына байланысты қойылған полиция бекеті мен қозғалысқа енгізілген шектеулерге қарамастан, жүргізуші тыйымды елемей, жабылған бөлікті айналып өтпек болған. Су басқан аумақтан өту кезінде көлік ағынға ілініп, су астына кеткен. Автокөлікте үш адам болған. Оперативті әрекет еткен полицейлер мен құтқарушылар екі жолаушыны құтқарып қалды. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Ал жүргізушінің мәйіті табылды, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Семейде ауысымына 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025
Елімізде
Павлодарда кәсіпкерге шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025