Қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медаль алды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 сәуір, 2025
- 525

Қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Sports.kz. турнир қорытындысы бойынша Қазақстан алты медаль алғанын жазды. Оның үшеуі алтын және үш қола. Ерлер арасында 51 келілік Нұрсұлтан Алтынбек пен Дәулет Төлемісов (85 кг), ал әйелдер арасында Жазира Орақбаева (51 кг) алтын алды. Қола медальді Диас Молжігітітов (80 кг) және Даниял Сапарбай алды (90+ кг), ал әйелдер арасында Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) алды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Анита Әдішева (54 келі), Алмат Әбдуали (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым - 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Елена Рыбакина Австралияға қарсы тарихи жеңісқа қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2025