Еліміздегі 535 гидротехникалық жабдықтың паспорты жоқ
- авторjambylinfo.kz
- 19 сәуір, 2024
- 487
«Жыл сайын көктемде 300 мыңнан астам тұрғыны бар 200-ден астам елдімекен су тасқынынан төтенше жағдайға тап болады. Бұған жоғарыда айтылған гидротехникалық жабдықтардың тікелей әсері бар. Бұл жабдықтардың бұзылуы одан да үлкен апаттарға әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда республикамызда жеті дамба мен бөгет жарылып, елдің экономикасы мен халыққа зиян тигізді», – дейді депутат.
Оның сөзінше, 537 гидротехникалық жабдық жөндеу жұмыстарын қажет етеді, бірақ олардың жағдайын нақтырақ бағалау үшін көпфакторлық зерттеу жүргізу керек.
«Сондай-ақ 535 жабдықтың жобалық құжаттамасы, есептік негіздемесі, олардың жағдайын бақылау журналдары жоқ екенін, яғни, олардың жағдайының бақылау параметрлері жоқ екенін де ескеру керек. Әрі барлық тексерістер оған иелік ететін органдардың аттестациялық ұйымдарды өз есебіне тартуы арқылы жүргізіледі. Демек, гидротехникалық жабдықтардың жағдайы туралы актілердің дұрыс екеніне күмән бар», – деді Арман Қалықов.
Депутаттар қалыптасқан жағдайға Су ресурстары және ирригация министрлігінің позициясы түсініксіз екенін жеткізді. Олар су тасқыны басталмай тұрып көпфакторлы тексеріс ережелерін жасауы қажет болған.
«Су шаруашылығы жүйесінде нормативті-құқықтық база гидротехникалық жабдықтардың қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейді деп есептейміз. Ортақ ақпараттық жүйе жоқ, мемлекеттік құрылымдардың әрекетін үйлестіруде кемшіліктер бар. Гидротехникалық жабдықтарға қойылатын міндетті талаптардың орындалуын қадағалайтын мемлекеттік бақылау органы да жоқ», – деді депутат.
Оның сөзінще, жаңа министрлік құрамына су шаруашылығына қатысты тек бір Комитет бар екенін, оның бұрын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамында болғанын атап өтті. Осыларды ескере отырып депутаттар премьер-министрден осы проблемаларды назарға алуды сұрады.
Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде биылғы су тасқынынан сабақ алып, оның алдын алу жұмыстарын қолға алу қажет екенін айтқан еді.
«Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет» деген еді Президент.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз