жұма, 27 желтоқсан, 2024 4:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мөлдір Әуелбекова: Қыздар, біліңдер, намазхан жігіттің бәрі періште емес

Мөлдір Әуелбекова: Қыздар, біліңдер, намазхан жігіттің бәрі періште емес
Фото: paryz.kz
Белгілі эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова Айнұр Ілиясованың "Мамаский әңгіме" подкастында намаз оқитын жігіттердің бәрі дұрыс жолда жүрмейтінін айтып, қыздарды абай болуға шақырған, деп жазады jambylinfo.kz.

"Менің алғашқы некем сәтсіз болған соң екінші күйеуім намазхан болуын қатты тіледім. Алла дұға-тілегімді қабыл етіп, намаз оқитын жанмен 7 күн сөйлесіп жүріп, үлкен сеніммен тұрмысқа шықтым. Бірақ, екеуіміз үйленген соң талай былықтың беті ашылды. Мен оның төртінші әйелі болдым ", -деді әнші. 

Мөлдір Әуелбекова қазақ қоғамында оң босағада отырған қыздарға көп қысым жасалатынын, олар көпшіліктің сөзін негізге алып, көп жағдайда тұрмысқа асығыс шығып, қателік жасайтынын алға тартқан. 

"Менің жеке өмірім ешкімге қызық емес. Бірақ осы сұхбат арқылы қыздарға айтарым, намазханның бәрі періште емес. Еш уақытта асығыс шешім қабылдамаңыздар. Менің сіздерге айтарым осы", -деді ол. 

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар