жұма, 3 мамыр, 2024 17:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тараздағы Төле би даңғылымен жүретін автобустардың бағыты уақытша өзгереді

Тараздағы Төле би даңғылымен жүретін автобустардың бағыты уақытша өзгереді
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы мәлімдеді

Таразда жылу желілерін жөндеуге байланысты автобустардың бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелеріндегі жылу желілері реконструкцияланады. Сондықтан, Төле би даңғылындағы қозғалыс түгел жабылады. Осыған байланысты, даңғыл арқылы жүретін 13 қоғамдық көлік бағытының жүру сызбасы уақытша өзгерген.

«№7 автобус – Сүлейменов көшесінен, Қолбасшы Қойгелді, Ниетқалиев көшелері арқылы әрі қарай өз бағыты бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен);

№8 автобус – Қазыбек би көшесімен тікелей Жамбыл даңғылы арқылы әрі қарай өз бағыты бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен);

№17 автобус – Төле би даңғылынан Қолбасшы Қойгелді көшесіне оңға бұрылып, Қазыбек би көшесі арқылы Жамбыл даңғылына әрі қарай өз бағыты бойынша (қайтарда осы бағытпен);

№9, 12, 16, 19, 28, 32, 38, 40, 46, 55 бағыттар шағын аудандарға қарай Қазыбек би көшесінен оңға Қолбасшы Қойгелді көшесіне, солға Ниетқалиев көшесімен Жамбыл даңғылы арқылы Төле би даңғылына әрі қарай өз бағыттары бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен)", - деп хабарлайды медиаорталық.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар