Енді Ұлттық банк қазақстандықтардың барлық ақша аударымдарын көре алады
- авторБақытжан Бекболат
- 1 шілде, 2025
- 957

2025 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздегі барлық банктер мен Қазпошта Қазақстан азаматтарының есепшоттары мен қаржылық операциялары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тапсыра бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді, мысалы, азаматтың тегі өзгерсе, жаңа шот ашса немесе банкпен жасалған келісімшарттың шарттары өзгерсе — осының бәрі туралы ақпарат Ұлттық банкке жіберіледі. Сонымен қатар, банктер мен Қазпошта барлық банк шоттары бойынша ай сайынғы операциялар туралы есеп беріп отырады. Яғни, ақша аударымдары, түсімдер мен шешілген қаражаттар – барлығы реттеуші органның бақылауында болады.
Бұл талап биылғы 22 мамырда шыққан Ұлттық банктің №26 қаулысында көрсетілген. Бұл шаралар қаржылық операцияларды бақылау, күмәнді ақша айналымының алдын алу және банк жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.