жексенбі, 13 шілде, 2025 21:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция Арменияда іздеуде жүрген қашқынды ұстады

Полиция Арменияда іздеуде жүрген қашқынды ұстады
Фото: Polisia.kz
Ақпаратты мұқият жинау мен нұсқаларды қайта тексеру ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына себеп болады

Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz  polisia.kz сілтеме жасап.

“Қылмысқа тосқауыл” жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Астана қаласы криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады.

Жеке басын анықтау және қосымша тексеру жүргізу үшін аталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру барысында оның 2023 жылдың мамыр айынан бері іздеуде жүргені анықталды.

Ол – жүргізуші куәлігі жоқ және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланды. Криминалдық полиция органдарының қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы жұмысы үздіксіз жүргізіледі. 
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар