бейсенбі, 8 мамыр, 2025 17:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚХА-ның ХХХІV сессиясы: Аналар кеңесінің атқарған жұмыстары айтылды

ҚХА-ның ХХХІV сессиясы: Аналар кеңесінің атқарған жұмыстары айтылды
Фото: Ақорда
Бүгін елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтіп жатыр.

Онда президент саяси маңызды мәселелерге тоқталып, жиылғандарды мерейлі датамен құттықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұдан бөлек, Ассамблея сессиясында «Вайнах» чешен және ингуш қауымдастығының тең төрағасы Ахмед Мурадов, ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи және басқа да тұлғалар сөз сөйледі. 
 

ҚХА Аналар кеңесі төрайымы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асыратын ҚХА құрылымдары жөнінде ойын айтты. 
Айталық, ҚХА Аналар кеңесі 2013 жылы ҚХА XX сессиясының шешімі бойынша құрылған. 

Келелі жынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов бастаған делегация қатысуда. Осы орайда облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали Нәзипа Шанаидың баяндамасына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

- Бүгінде жалпы саны 12 мың адамнан асатын 1 717 Аналар кеңесі (оның ішінде 1 республикалық, 17 облыстық, 3 қалалық республикалық деңгейдегі, 75 қалалық, 167 аудандық, 1454 ауылдық, сондай-ақ этномәдени бірлестіктерде) өз жұмысын жүргізуде. Аналар кеңесінің мүшелері отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді нығайтуға және сақтауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жалпыұлттық жобасын іске асырады. Қазіргі уақытта жоба өңірлерде төрт бағыт бойынша сәтті іске асырылуда: «Тұлға тәрбиелеген отбасы», «Бақытты ана - бақытты отбасы», «Тұғырлы отбасы - бақытты балалық шақтың бастауы», «Жақсылыққа жетелейтін жандар». 2024 жылғы 28 маусымда ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында берілген мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жаңа қоғамдық жобасы таныстырылды. «Салауатты сана» жобасының міндеті – ҚХА Аналар кеңесі тарапынан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға қоғамның әлеуметтік дерттеріне: нашақорлық, ойынқұмарлық, тұрмыстық зорлық – зомбылық, вандализм және ысырапшылдыққа қарсы іс-қимыл жасау және жою жөніндегі практикалық, сарапшылық, ақпараттық-түсіндіру және басқа да шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру бойынша жәрдемдесуді ұйымдастыру.   Бұл бағыттар бойынша жамбылдық аналар да үлкен жобаларды жүзеге асырып келеді,- деп пікір білдірді Эльмира Мырза-Ғали.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар