жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Күн күрт суытады: синоптиктер ауа райына болжам жасады

Күн күрт суытады: синоптиктер ауа райына болжам жасады
istockphoto.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Антициклонның әсерінен республиканың көп бөлігінде жауын-шашынсыз күндер сақталып отыр. Алайда синоптиктер алдағы уақытта ауа температурасының төмендеуі мүмкін екендігін ескертеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік және шығыс өңірлерде ғана фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын өтеді. Дегенмен, бұл құбылыстар ұзаққа созылмайды.

Антициклон келе жатқан суық ауа массалары арқылы толығып, нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде салқын ауа райы орнығады. 29 қарашаға қараған түні солтүстік аймақтарда термометр бағандары –8…–13°С дейін төмендесе, оңтүстік жартысында ауа температурасы –2…–7°С шамасында болады деп болжануда.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар