Заң
Елге есірткі кіргізбек болған шетелдік 15 жылға сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қараша, 2025
- 271
Кеден қызметі мен құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында контрабандалық схема дер кезінде анықталған
Алматы халықаралық әуежайында шетелдік азамат жеке заттарының арасына жасырып, ірі көлемде есірткі заттарын елге кіргізбек болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеден қызметі мен құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында контрабандалық схема дер кезінде анықталған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін толық дәлелдемелерді ұсынып, қылмыстың барлық мән-жайы расталды. Нәтижесінде сот шетелдік азаматты 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көлік прокуратурасы әуежайлар арқылы есірткі жеткізуге әрекет жасайтындардың барлығы қатаң түрде жауапқа тартылатынын атап өтті.
Келесі мақала
Күн күрт суытады: синоптиктер ауа райына болжам жасады
Ұқсас жаңалықтар
Заң
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025
Заң
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025






