дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 13:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Конституцияға Құрылтай депутаттары министрлерді лауазымынан босататын норма енгізілуі мүмкін

Конституцияға Құрылтай депутаттары министрлерді лауазымынан босататын норма енгізілуі мүмкін
Фото: consot_kz
Құрылтай депутаттары көпшілік дауыспен министрлердің тағдырына әсер етуі мүмкін.

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Құрылтайдың Үкімет жұмысына ықпалы туралы норма енгізу ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның Бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау, бекіту Құрылтай құзыретінде болады. Құрылтайдың бұл есепті бекітпеуі Үкіметке сенімсіздік білдіретінін көрсетеді, - деді ол.

Құрылтай депутаттары көпшілік дауыспен министрлердің тағдырына әсер етуі мүмкін.

- Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен ҚР Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есебін тыңдауы, республика заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдаудың қорытындысы бойынша ҚР Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы мәлімдеме қабылдау құқықтары тиісті жекелеген нормада нақтыланды. Мұндай жағдайда ҚР Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады, - деді сенатор.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар