жексенбі, 5 мамыр, 2024 13:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Өлтіреміз дейді». Белгісіз біреулер Бишімбаев ісіндегі маңызды куәгерді қорқытқан

«Өлтіреміз дейді». Белгісіз біреулер Бишімбаев ісіндегі маңызды куәгерді қорқытқан
Коллаж: jambylinfo.kz
Бүгін сот отырысын Қуандық Бишімбаев телефон соққан балгер куәгер ретінде жауап беріп жатыр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында 2023 жылы 9 қараша күні күдіктімен сөйлескен балгер жауап беріп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, соңғы үш күнде оған белгісіз біреулер телефон соғып, оны қорқытқан. Сондықтан, ол бүгін өзі сұралған кезде сот отырысын жабық өткізуді сұраған. Алайда, судья Айжан Құлбаева бұл талап арызды қанағаттандырмай, куәгерден тікелей эфирде жауап алып жатыр. Бірақ, куәгердің жеке қауіпсіздігі үшін оның бейнесі көрсетілмейді, аты-жөні айтылмайды.

«Мен енді полицияға барып, арызданамын. Үш күннен бері белгісіз біреулер қоңырау соғып, мені өлтіреміз деп қорқытып жүр. Кім екенін білмеймін», - деді ол.

Оның айтуынша, 9 қараша күні Бишімбаев оған қайта-қайта телефон шалып, Салтанат Нүкеновамен төбелесіп қалдық деген.

«Мен дәрігер шақырыңдар дедім. Ол маған «Салтанат оянады деп айтыңызшы» деді. Мен дәрігер шақырыңыз дедім»,- деді куәгер.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар