жексенбі, 5 мамыр, 2024 6:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысының жастары арықтарды қоқыстан тазалап жарысты

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысының жастары арықтарды қоқыстан тазалап жарысты
Сурет: jambylinfo.kz
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы жан-жақты өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» акциясының аясында Жамбыл облысында ағаш егуден және арықтарды қоқыстан тазалаудан жарыс өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасып жатыр. Аталған акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деген атауға ие болды. Бұл аптада ағаш көшеттері егіледі.

Акция аясында «Қызылабад» алқабында №11 аумақтың тұрғындары мен жастар арасында ағаш көшеттерін отырғызудан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары және №11 аумақтық округтің тұрғындарынан құралған командалар қатысып, жалпы саны 1200 қара ағаш екті.

Жеңімпаздарды айқындау үшін 7 адамнан тұратын арнайы комиссия құрамы бекітіліп, егілген көшеттердің саны, ағаш отырғызуға арналған шұңқырдың (лунка) дұрыс қазылғандығы мен ағаштарды отырғызуына баға берді.

 «Жасыл аймақ» тақырыбындағы іс-шара Байзақ ауданының Диқан ауылдық округінде де өз жалғасын тапты. Байзақ ауданы Диқан ауылының кіре берісінде ауыл ардагерлері бас болып, тұрғындар мен жастардың қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарды салауатты өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу мақсатын көздеген шараға қырыққа жуық адам қамтылып, қара ағаш көшеттерін егіп, сондағы егілген ағаштардың түптерін әктеді. 

«Бүгін "Жасыл аймақ" апталығы бойынша екі жүзге жуық қара ағаш көшеттерін отырғыздық. Осындай игі шаралар жиі болып тұрса, жыл сайын жасыл бақтағы ағаштар көбейіп, алдағы уақытта үлкен саябаққа айналар деген үмітіміз бар. Диқандық тұрғындар осы жерге келіп ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырады деген ойдамын», – дейді Диқан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімхан Ойықбаев.

Ал, Жуалы  ауданына қарасты Нұрлыкент ауылдық округінде арықтар қоқыстан тазаланды.Жарыс нәтижесінде Тараз жастар ресурстық орталығы бірінші орын, «Құмшағал жастары» екінші орын, облыстық «Әулиеата жастары» командасы үшінші орын алды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар