Ұлытаудағы елді мекендерге су құбырын тартуға 570 млн теңгеден астам қаражат бөлінді
- авторБақытжан Бекболат
- 2 маусым, 2025
- 150

Қазақстанда мемлекетке қайтарылған заңсыз активтерден бөлінген 570 миллион теңгеден астам қаржы Ұлытау облысындағы ауылдарға су құбырын тартуға жұмсалмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаражаттың бір бөлігі Ералиев ауылдық округіне қарасты №189 разъезі мен Жаңаарқа ауданының Ақбастау ауылына су құбырын тартуға бағытталады. Бұл жобаларға 274 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ал Бидайық ауылдық округінде жаңа су құбырын салуға 296 миллион теңге бөлінеді.
Билік өкілдерінің айтуынша, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Жаңаарқа ауданының тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтылады. Қазіргі кезде ел бойынша қалаларда орталықтандырылған ауыз суға қолжетімділік 99,4%-ды, ал ауылдарда 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысының өзінде бұл көрсеткіш қалаларда – 100%, ауылдарда – 97,3%.