Елімізде
ҚМА 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған қаржы пирамидасының өкіліне іздеу жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 29 тамыз, 2024
- 443
Күдікті Ташкент қаласының тумасы
Қаржылық мониторинг агентігі 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған қаржы пирамидасының өкіліне іздеу жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Агенттік мәлімдегендей, миллиондаған қаржыны жымқырған әйел - Батыршина Дана Анварқызы. 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.
Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.
- Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған. Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген. Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-218-05-23 - іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 - кезекші бөлім,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024