жексенбі, 24 қараша, 2024 5:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Парижде Параолимпия ойындарының ашылу салтанаты өтті

Парижде Параолимпия ойындарының ашылу салтанаты өтті
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыс 11 күнге жалғасады

Бүгін Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада шымылдығы ресми түрде түрілді. Ашылу салтанатында Қазақстан туын волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Әлиева ұстап шықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі  хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.

Дүбірлі додаға  4400-ден астам спортшы қатысады. Оларға 2500 адам көмектеседі. Сайыс бағдарламасына 22 спорт түрі мен 549 дисциплина енген. Биылғы бағдарламаға жаңа спорт түрлері қосылмаған.

Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан құрамасынан 44 спортшы сынға түседі. Бұл – ел тарихындағы рекордты көрсеткіш. Токио-2020 ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғаған болатын. Ел спортшылары ойындарға 1996 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

Айта кетейік, Паралимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 9 спорт түрінен (пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара таэквондо, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара каноэ және волейболды отырып ойнау) сынға түседі. Осы жылы қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен және әйелдер арасында пара каноэден алғаш рет Паралимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Ел спортшылары ертеңнен бастап жарыс жолына шығады. 29 тамызда Милана Красавцева пара таэквондодан өнер көрсетеді, ал кешке волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Франциямен шеберлік байқасады.

Ал ойындар 11 күнге жалғасады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар