Елімізде
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 615
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026






