жексенбі, 22 маусым, 2025 14:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанадағы автобус апаты: 8 жастағы қыздың аяқтары ампутацияланды

Астанадағы автобус апаты: 8 жастағы қыздың аяқтары ампутацияланды
Pixabay.com
2 маусым күні кешке Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, ауыр жол апаты орын алды.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апаттан кейін 2017 жылы туған қыз баланың аяқтарын кесіп тастауға тура келген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2 маусым кешкісін болған апаттан кейін елорданың ауруханаларына 15 адам жеткізілген.

"Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйіне жіберілді. Жатқызылғандардың жағдайы – бірінің халі өте ауыр, қалғандарының жағдайы ауыр деп бағаланады. Бір науқасқа төменгі аяқтарын кесу отасы жасалды. Зардап шеккендерге толық көлемде қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген ведомство мәліметінде.

2 маусым күні кешке Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылған. Астана Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші маневр жасау кезінде көлікке ие бола алмай қалған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған ұқсас апат 21 ақпанда Бараев көшесінде болған еді. Ол кезде де 15 адам зардап шеккен.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар