Бектенов: Өнім көлемі бойынша өңдеу секторы тау-кенді саласын басып озды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 178

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық өндірісті қолдау және дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы қол қойған елшілік құндылық институтын жетілдіру аясындағы заң аясында қабылданған нақты шаралар қаралды.
Олжас Бектенов Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – экономиканың негізі саналатын өңдеуші секторды дамыту екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы аталған бағыттың маңыздылығына ерекше мән беріп келеді. Үкімет қазақстандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті болуы үшін олардың өндірістік жүктемесін арттыруға бағытталған елшілік құндылықтарды дамыту тетіктерін іске қосуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылдан бастап өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озғанын атап көрсетуге болады. Осы қарқынды үдете түсу керек», — деді Премьер-министр.