жексенбі, 22 маусым, 2025 13:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға ресми түрде рұқсат берілді

Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға ресми түрде рұқсат берілді
Фото olympic.kz
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимге Jusan Bank-тің бақылау үлесін сатып алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2024 жылдың ақпанында Ким Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алу жөнінде өтініш түсіргені белгілі болған. Ол бұл келісімнің Kaspi.kz компаниясына еш қатысы жоқ екенін атап өткен.

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Jusan тобы мемлекет бақылауына қайтарылған еді. Ал 2024 жылдың сәуірінде банк басқармасының төрайымы болып Гүлмира Жұмаділлаева тағайындалды.

Қазақстандық Forbes журналы Вячеслав Кимді 2024 жылы елдегі ең бай кәсіпкер деп таныды. Оның байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланған.

Сонымен қатар, бұған дейін банк басшылығы Jusan Bank атауы өзгеріп, енді Alatau City Bank деп аталатынын хабарлаған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар