Уәде етілген көлік пен баспана: Қазақстандықтар 21 миллиард теңгесін қаржы пирамидасына салып жіберген
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 351

Пирамиданы ұйымдастырғандар тұрғындарға «көлік пен баспананы пайызсыз, бөліп төлеп аласыздар» деп уәде еткен. Бірақ сол уәделердің көбі орындалмаған. Мүлік негізінен тек өздерінің туыстары мен таныстарына ғана берілген.
Ел бойынша 8 мыңнан астам азамат осы пирамидаға қаржы құйып, 21 миллиард теңгеден көп қаражатынан қағылған.
"Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру үшін ұйымдастырушылар бірнеше деңгейлі схеманы іске асырған. Олар «Алло, не керек», i-m@rketing, Gold SapaPremium атты компанияларды тіркеп, солар арқылы «жарнама қызметі», «талдау мен болжау» секілді жалған қызметтер көрсетілгендей етіп жасаған", – деді Қаржы мониторингі агенттігі.
Осы компаниялар арқылы ұйымдастырушылар 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып үлгерген. Сол ақшамен олар Астана қаласынан жеке үйлер мен пәтерлер, сондай-ақ қымбат көліктер – HUMMER H2 және Lexus LX570 сатып алған. Бұл көліктер сенімді адамдардың атына рәсімделген.
Сот кооперативтің мүлкі мен есепшоттарына тыйым салды. Ал пирамиданың негізгі ұйымдастырушысы қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді: күн күркіреп, жаңбыр жауады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025
"Бәрін тоқтаттым": Ақмоншақ Нұртаза күтпеген мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 шілде, 2025