жексенбі, 22 маусым, 2025 13:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада автобус апатынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі

Астанада автобус апатынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі
Pixabay.com
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, автобус апатынан зардап шеккен жолаушыларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Сонымен қатар, оларға материалдық және қосымша қажетті көмек те беріледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық және сақтандыру сараптамаларынан кейін зардап шеккен жолаушыларға ақшалай өтемақы төленеді", – делінген ресми ақпаратта.

Апат болған автобус тізгінінде жолаушылар тасымалында 15 жылдан астам тәжірибесі бар жүргізуші болғаны атап өтілді. Ол осы автопаркте 2020 жылдан бері жұмыс істейді.

"Оқиға болған күні жүргізуші алдын ала медициналық тексеруден өтіп, жұмысқа жіберілген. Бұл – демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні. 2024 жылғы автобус апат болған сәтте техникалық тұрғыда жарамды болған", – деп хабарлады ведомство.

2 маусым күні кешке Астанада Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылған. Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай қалған. Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 адам ауруханаға жеткізілді. 2017 жылы туған қыз баланың екі аяғын кесіп тастауға тура келген.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар