Жамбыл жаңалықтар
«Жазғы демалыс кітаппен бірге» лагері жалғасуда
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 161

Зағип балаларға арналған қысқа мерзімді «Жазғы демалыс кітаппен бірге» атты жазғы лагерь екінші күнін қызықты әрі мазмұнды бағдарламамен жалғастырды.
Алғашқы күні «Мамыр» саябағында басталған лагерь бағдарламасы Жамбыл облыстық орыс драма театрында қойылған «Маугли» ертегісін тамашалаумен жалғасты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Балалар қойылымнан алған әсерлерін кітапханаға келіп бөлісіп, жануар кейіпкерлерін өз беттерінше сомдап берді.
Кішкентай бүлдіршіндер ашық ауада бормен сурет салып, түрлі ойындарға белсене қатысты. Сондай-ақ тәтті мақтаның қалай дайындалатынын қызығушылықпен бақылап, дәмінен ауыз тиді.
Күн соңында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушыларына №33 мектептің түлегі Шыразбекова Диана демеушілік көрсетіп, сыйлықтар тарту етті. Бұл балалар үшін ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Алдын алу шаралары - өртті тұсаулау бойынша бас көмекші
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025