Таразда «Өнер көзі – халықта» атты облыстық байқау-фестивалі өтуде
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 194

Шараға өңірдің әр ауданынан келген «Халықтық» (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары қатысуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұжымдар байқауға толық құрамда қатысып, жанрлық талаптарға сай, тек жанды дауыста өнер көрсетіп жатыр. Бұл — халықтық өнердің шынайылығын көрсету мен кәсіби деңгейін бағалауға үлкен мүмкіндік.
Байқаудың мақсаты:
Өнер ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау;
Халық өнерін насихаттау және дамыту;
Ауыл өнерпаздарының белсенділігін арттыру;
Ұжымдар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.
Номинациялар:
Үздік ән-би ансамблі
Үздік аспаптық немесе фольклорлық ансамбль
Үздік хор-вокал ұжымы
Үздік би ұжымы
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Байқауға төмендегідей мәдениет майталмандары төрелік етуде:
– Эльмира Дуатбаева – ҚР Мәдениет саласының үздігі, қоғамдық бірлестік төрайымы
– Пернебек Оспанов – ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы
– Бақыт Сырлыбаев – ҚР Мәдениет қайраткері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
– Есенхан Рымқұлов – ҚР Мәдениет қайраткері, бірнеше медаль иегері
– Зейнеп Қалданова – хореограф, мәдениет саласының ардагері
– Ришад Қуанышбаев – КСРО Мәдениет саласының үздігі
– Майра Алим – М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, мәдениет саласының ардагері.