Заң
Шерзат ісі: Айыпталушы Абзал Шынасыл күтпеген мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 3 маусым, 2025
- 782
Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр
Жарыссөзде айыпталушы Абзал Шынасыл сотқа арналған сөзін сөйлеп, жәбірленуші тараптан кешірім сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол жәбірленуші тараптан кешірім сұрай отырып, Шерзат Полатқа қолы тимегенін жеткізді.
– Шерзат Полатқа қатынасып, жақындаған емеспін. Сол жерге барғанда Нұрқанатпен төбелестім. Соған ашуланып, ызаланып, мен үш рет пышақ салдым. Нұрқанатқа ашуланғаным, оның мылтықпен атқанына. Равиль Сакиевке сондай айып тағылып жатыр, бұған оның дым қатысы жоқ. Өзімнің не істегенімді нақты білемін, бұл ісіме өкінемін. Кінәмді жартылай мойындаймын. Сол кезде мен көлікке сыймай, кафенің алдында қалып қалғанымда бұлай болмас еді деп ойлаймын, – дейді Абзал Шынасыл.
Келесі мақала
Құрбан айт: Айт намазының кестесі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025
Заң
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025






