жұма, 22 қараша, 2024 1:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент су тасқынына дайын болмаған шенеуніктер мен әкімдерге сөгіс жариялады

Президент су тасқынына дайын болмаған шенеуніктер мен әкімдерге сөгіс жариялады
Сурет Ақорда сайтынан алынды
Сөгіс алғандар арасында Роман Скляр, Нұржан Нұржігітов пен бірқатар әкімдер бар

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты өткен шұғыл жиналыста бірқатар шенеуніктер мен әкімдерге сөгіс жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.

«Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді», - деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар, Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланғаны белгілі болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы аталған облыстарда қар суы еріп, өзен-көлдер арнасынан асып жатыр. Облыстарда тұтас ауылдар су астына кетіп, осы уақытқа дейін тоғыз мыңнан астам адам эвакуацияланған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар