бейсенбі, 21 қараша, 2024 22:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында мешітте қайыр сұраған қыздың анасы 51 мың теңге айыппұл арқалады

Жамбыл облысында мешітте қайыр сұраған қыздың анасы 51 мың теңге айыппұл арқалады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Анықталғандай, кәмелет жасына толмаған қыз мешітке туысымен бірге барған

Жамбыл облысы кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мешітте қайыр сұраған қыздың анасына 51 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, С. есімді азаматшаның қызы анасына ескертпей, туысымен бірге мешітте қайыр сұраған. Әйел сотта кінәсін мойындап, қызы қайыр сұрап жүргенде ол жұмыста болғанын, ал қызы оған айтпай сыртқа шығып кеткенін түсіндірген.

Дегенмен, сот  әйел адамды кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оны айыпты деп танып, 51 мың теңге айыппұл салған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Тараз қаласының дәмханаларының бірінде жарапазан айтып, ақша сұрап жүрген балалар туралы жазған едік. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар