Елімізде
Прокуратура аспанға рұқсатсыз ұшқан кәсіпкерді жазаға тартты
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қаңтар, 2025
- 20
Оған 55380 теңге айыппұл салынды
Прокуратура аспанға рұқсатсыз ұшқан кәсіпкерді жазаға тартып, 55380 теңге айыппұл салып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіледі, деп жазады Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, «Достык» көлік прокуратурасы «SKYPPER 912» дельтапланы иесінің әрекетінде бұзушылықтарды анықтады, ол тиісті рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған.
- Прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралды. Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді,- делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Алакөл көлінде аталған дельтапланның қатысуымен апат орын алып, соның салдарынан екі адам жарақат алған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қаңтар, 2025