"Үрей құшағында жүрмін". Күйеуінен зорлық көрген Ақтау қаласының тұрғыны көмек сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 12 мамыр, 2024
- 503
Ақтаулық көпбалалы ана жұбайынан зорлық-зомбылық көретінін айтып, көптен көмек сұраған. Оның сөзінше, күйеуі оны соққыға жығып күн көрсетпеген. Ақыры, үйінен кеткенімен, айыпты серігі аңдуды жалғастырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Lada.kz-ке сілтеп.
"Білесіздер бе, мен Бишімбаевқа қатысты сот процесін көріп, таңғалдым. Оның не айтатынын алдын-ала білген сияқтымын. Даусы, сөйлеу мәнері. Мұндай адамдар бірдей өмір салтын ұстанып, бірдей ойлау қабілетіне ие бола ма? Өз басым тозақта өмір сүрдім. Одан 2023 жылы кеткім келді, бірақ үш кішкентай балам бар еді. Ол мені ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытты, аңғал және жас болдым. Қорыққанымнан қайтып келдім. Ақырында одан таяқ жеп ауруханаға түстім", - дейді Ақтау тұрғыны.
Арайлым күйеуімен кездескеннен соң ауруханаға түскен. Тіпті наурызда ер адамға әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы туралы үкім де шыққан.
"9 наурызда күйеуім Ақтау әуежайынан келе жатқанымда ізімнен түсіп апатты жағдай туғызды. Соның салдарынан мен тоқтауға мәжбүр болдым. Ол көлігіме жақындап келіп, есікті ашуымды талап етті. Қоқан-лоққы көрсетіп, бейәдеп сөздерін айтты. Мен есіктерді жауып алдым. Ол көп ойланбастан жүргізуші жақтағы әйнекті бір ұрып, сындырды", - дейді әйел.
Әйелдің жанында құрбысы да болған. Ол ерлі-зайыптылардың арасындағы жандалды бейнеге түсірген. Бұл туралы келіншектің өзі баяндады.
"Полиция қызметкерлері менің жағдайымды көре тұра, асықпай, шамамен 10 минуттан кейін ғана қоңырау шалды. Онымен сыпайы түрде сөйлесті. Ол мені тіпті полиция тұрса да қорқытудан жасқанбады. Құрбым жағдайға араласып еді "жеке отбасылық өмірге араласпауын және арандатушылық тудырмауын" сұрады. Ал маған орнымнан тұрып, көліктеріне барып, арыз жазуым керек деді. Мен стресс пен суықтан дірілдей бастадым, бүкіл денем құрысып қалды. Бұл қорқынышты түс секілді. Жедел жәрдем келгенде ғана есім жиылғандай болды”, - деді ол.
Әйел адам кейінірек ауруханаға келген полицейлердің қорғау нұсқамасының бар екенін білмейтіндерін мәлімдепті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Алматыдан 597 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024