сенбі, 25 мамыр, 2024 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Салтанат үшін». Астанада тұмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы тал егу акциясы өтті

«Салтанат үшін». Астанада тұмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы тал егу акциясы өтті
Фото - скриншот
Іс-шараға Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амагелді қатысты

Елордада «Салтанат Нүкенова, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің құрметіне 100 тал егу акциясы» өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Астанада төрткүл дүние көз тіккен сот болып жатқаны белгілі. Салтанат Нүкенованы «ұрып өлтірді» деп айыпталған экс-министр Қандық Бишімбаевқа әлі сот үкімі шыққан жоқ. Осы орайда әділдікті талап еткен еріктілер түрлі акция өткізіп жатыр.

Соның бірі күні кеше бас қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. «Салтанат Нүкенова, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің құрметіне 100 тал егу акциясына» жиналғандардың қарасы аз емес. Әлеуметтік желідегі бейнежазбаған зер салсақ, жиылған жұрттың басым бөлігі әйелдер.

Тал егу акциясына марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді арнайы қатысып, көшет отырғызды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, тазалық шарасының мұраты тек қоршаған ортаны көгеріштендіру емес, сонымен қатар, қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударту.

Айта кетейік, акция аясында 50 қайың, 50 қарағаш көшеті егілген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар