сейсенбі, 8 сәуір, 2025 20:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өрт кезінде ерлік көрсеткен студенттер марапатталды

Өрт кезінде ерлік көрсеткен студенттер марапатталды
Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігі өз өмірлерін қатерге тігіп, өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарған екі студенттің ерлігі мен батылдығын жоғары бағалады

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері 20 жастағы Ернар Тұрсын мен 22 жастағы Нұрасыл Әлімтаев «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальдарымен марапатталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еске салсақ, 2 наурыз күні түнде Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан жеке меншік тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Осы уақытта Ернар мен Нұрасыл үйлеріне қайтып келе жатып, өртеніп жатқан ғимаратты байқап, көмек сұраған айқайларды естіген. Олар бірден 112 қызметіне хабарласып, қатты түтін мен қауіпті температураға қарамастан, жанып жатқан үйге бет алды.

Студенттердің батылдығы мен жылдам шешім қабылдауының арқасында 64 жастағы әйел, 17 жастағы және 6 жасар қыз құтқарылды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткеннен кейін, студенттер өртті өз беттерінше сөндіруге тырысты, бірақ түтін мен жоғары температураға байланысты өртті толық өшіру мүмкін болмады.

Ернар мен Нұрасылдың ерліктері мен батылдығы олардың азаматтық жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар