Елімізде
Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025
- 504

Экс-министр Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты.
Бұл мәліметті экс-министрдің өзі растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған ұсталғаны туралы хабарды жоққа шығарып, қазір Астанада, үйінде отбасымен бірге түскі ас ішіп отырғанын айтты. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқандарға қатысты сотқа шағымданатынын да мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желі мен бірнеше БАҚ-та Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда ресми органдар бұл туралы әзірге ешқандай түсініктеме бермеді.
Айта кету керек, 8 маусым күні Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Дәурен Қосанов жаңа министр болып тағайындалды.