жұма, 22 қараша, 2024 6:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шетелден келген 462 көлікті заңсыз тіркеген 32 адам сотталды – Антикор

Шетелден келген 462 көлікті заңсыз тіркеген 32 адам сотталды – Антикор
Фото: lada.kz
Олар мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген

Мемлекетке аса ірі көлемде залал клетірген арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ішіндегі ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Биыл 25 сәуірінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден елге кірген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қойған арнайы  ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім жариялады", - деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі. 

Дереккөзге сүйенсек, 2022 жылдың қаңтарынан бастап мамырына дейін қылмыстық топ шетелден елге кірген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келген шығын 1,2 млрд теңгені құраған. 

"Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 Мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 «көмекшіге» бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ, 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп хабарлады Антикор. 


Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Жамбыл облысында жалған куәлік сатқан ХҚКО басшылары қамауға алынды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар