“Шетелдік азаматтар ұсталды”. Алматыда алаяқтардың сall-орталығы жойылды
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қаңтар, 2025
- 121
Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Рolisia.kz дерегінше, ұсталған 24 күдіктінің бесеуі шетелдік азамат екені белгілі болған.
Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.
"Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп, оларды алдап-арбаумен айналысу кірген. Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған" деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.
Кейін алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Мектепте оқушыларға берілетін ас қаншалықты сапалы
Ұқсас жаңалықтар
Елордалық жасөспірім балконда қамалып қалған әйелді құтқарды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қаңтар, 2025