сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 3:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте газ құбыры зақымдалып, 65 көпқабатты және 60 жеке үй газсыз қалды

Шымкентте газ құбыры зақымдалып, 65 көпқабатты және 60 жеке үй газсыз қалды
Pixabay.com
Otyrar басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі Бозарық және Shymcity шағын аудандарында тұратын тұрғындар газсыз қалды.

Бұған жоғары қысымды газ құбырының зақымдануы себеп болған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға 24 сәуір күні сағат 17:55 шамасында Алматин трассасы маңында болған. Жер қазу жұмыстары кезінде экскаватор 315 мм болатын жер астындағы полиэтилен газ құбырын зақымдаған. Құбырда жоғары қысым болған.

Апат болған жерге дереу авариялық бригада келіп, газдың таралуын тоқтатты. Мамандар жер астынан шыққан құбырдың екі шығаберісіндегі жапқыштарды жауып тастады.

Нәтижесінде газбен қамту жүйесінен 65 көпқабатты үй (4228 пәтер), 60 жеке үй және бір өндірістік нысан ажыратылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері келіп жетті.

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар