дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен алғаш рет қалай сүйіскенін айтып берді

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен алғаш рет қалай сүйіскенін айтып берді
Коллаж: jambylinfo.kz
Бүгін сотта күдікті Бишімбаев екі тараптың сұрақтарына жауап береді

Бүгін сот отырысында тараптардың сұрағына жауап беріп жатқан күдікті Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ол Салтанат Нүкенованы алғаш рет әлеуметтік желіде көргенін айтты.

«Әлеуметтік желіде астролог маман іздеп отырып Салтанат Нүкенованың суретін көрдім. Қабылдауына жазылғым келді, алайда, ол ер адамдарды қабылдамайтынын айтты. Бірақ, амалын тауып, онымен таныстым. Мені қабылдауға келісті. Сосын, мен оны алғашқы кездесуге шақырдым. Сол күні мейрамханадан түнгі сағат 02.00 кезінде шықтық. Түн болған соң оны үйінің кіреберісіне дейін шығарып салдым. Келе жатқанда Салтанат жаныма қатты жақындап тұр екен, артыма қарағанда арамыз өте жақын болды. Сол кезде біз алғаш рет сүйістік», - деді Бишімбаев.

Сонымен қатар күдікті бұл оқиғадан кейін Салтанат Павлодарға кететінін айтты дейді. Бірақ, екеуі телефон арқылы сөйлесіп тұрған.  Естеріңізге сала кетейік, бүгін сот отырысында Қуандық Бишімбанев Салтанат Нүкенованы әдейі өлтірмегенін айтты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар